Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша алдағы 60 жылда, яғни 2080 – шы жылдары жер тұрғындарының саны 10,3 млрд.-қа жетеді екен. Алайда одан кейін адам саны азая бастайды. Мәселен 2100-шы жылы 10,2 млрд.-қа төмендейді. Ресей, Қытай, Жапон, Германия елдерінде адам өсімі тоқтап, тек кеми береді. Ал, АҚШ, Канада, Австралия, Бразилия, Үндістан, Түркия, Пәкістан, Иран, Нигерия елдерінде керісінше адам саны көбейеді. БҰҰ-ның экономика және әлеуметтік мәселелер бойынша департамент сарапшылары осылай дейді.
Негізі әр жыл сайын сарапшылар өз есептерін жаңартып отырады. Биылғы есептері бойынша жер үстіндегі адамдардың саны алдағы 50-60 жылда қазіргі 8,2 млрд. тұрғыннан артады, ал 2080-шы жылдары бұл өсім тоқтайды да бір жиырма жыл ішінде, яғни 2100-шы жылдары 10,2 млрд. болады. Демек сарапшылар бұған дейінгі болжамдарын өзгертті. Олардың бұған дейінгі болжамы бойынша ХХІ ғасырда тұрғындар саны бар болғаны 30 пайызға ғана көбейеді деген еді. Сондай-ақ қазіргі 2100-шы жылға болжамдары бойынша тұрғындар 6 пайызға немесе 700 млн.-ға азайады. Мұндай болжам жасауға әлемнің кейбір ірі елдеріндегі, мәселен Қытайдағы жағдай негіз болып отыр.
Жер шары тұрғындарының 28 пайызға жуығы тұратын 63 елде, оның ішінде Ресей, Қытай, Германия, Жапон елдерінде өсім тоқтайды. Әсіресе Албания, Босния және Герцеговина, Литва, Пуэрто – Рико және Молдово елдерінде тұрғындар алдағы 30 жылда 14 пайызға азаяды.
Сондай-ақ әлем тұрғындарының 10 пайызы тұратын 48 елде таяу жылдары адам саны өседі. 2025 пен 2054 – шы жылдар аралығында тіпті көбейеді. Бразилия, Иран, Түркия және Вьетнам осы елдер қатарында. 126 елде 2054-шы жылдан кейін де адам саны көбейеді. Тіпті 2100-шы жылы шарықтау шегіне жетеді. Өсім одан кейін де жалғаса береді. Бұл елдер қатарында Үндістан, Индонезия, Пәкістан және АҚШ бар.
БҰҰ-ның сарапшылары 2054-шы жылға дейін әлемнің 52 елінде, 2100-шы жылға дейін 62 елінде халық санының өсуіне имиграция ықпал етеді дейді. Тұрғындары басқа сырт елдерден келетіндер есебінен көбейетін елдер қатарында Австралия, Канада, АҚШ бар.