НЕМЕСЕ ТРАМПТЫҢ ҚҰЛАҒЫНА ЖАНАЙ ТИГЕН ОҚ ОНЫҢ ПРЕЗИДЕНТ БОЛУҒА МҮМКІНДІГІН АРТТЫРДЫ.

Биылғы жылдың 5 қарашасында кезекті АҚШ Президенті сайлауы өтеді. Негізі бұл сайлаудың ерекшелігі бар. Жалпы америкалықтар үшін 60-шы рет өткелі тұрған бұл жолғы сайлау мерейтойлық десе де болады. Былтырдан сайлауалды науқаны басталғалы бері республикашылдар менен демократтар өзара бақ сынап, президенттік таққа таласуда. Алайда, АҚШ-та жақында болып өткен сауалнама нәтижесі сайлаушылардың еш партияға қатысы жоқ, тәуелсіз, жаңа үміткерді қалайтынын аңғартты.

Рон Десантис, Вивек Рамасвами, Марианна Уильямсон, Дин Филлинстер айналымнан шығып қалды.

Биылғы жылдың шілдесінің 13-інде АҚШ-тың қазіргі Президенті, әрі алдағы сайлау кезінде Президенттікке үміткер Джо Байденнің негізгі қарсыласы Дональд Трамптың Пенсильвания штатындағы митингісі кезінде оған біреулер оқыс оқ атып, құлағын жаралаған.

Өзіне бағытталып, құлағын жанай өткен оқтан бұғып қалғаны болмаса қорқып жатып қалған Д.Трамп жоқ.

Қайта оққағарлар арасынан өре түрегеліп, көзіне көрінбей, өзін көздеп атқан қаскөйлеріне жұдырық түйіп, күреске шығамыз” деп ұран тастады. Ұраны текке кетпеді.

Білгіштердің айтуынша үміткердің құлағына тиген оқ оның бұған дейін америкалықтардың “құлағынан теуіп” талай айтқан әңгімелерін ұмыттырып, Президенттікке кәрі Байденнен гөрі кәрі де болса, күрескер Трамп лайықты дегендердің қатарын көбейтсе керек.

Ал, Трампқа оқ атқан 20 жастағы Т.Круксты құпия қызмет қызметкерлері сахнаға алғашқы оқ атылғанда атып түсіріпті.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған