АҚШ-тың қазіргі Президенті Джо Байден алдағы президент сайлауында дауысқа түспейтін болып, ғайыптан бағы тайды.
Оның орнына демократтар вице – президент Камала Харрис кандидатурасын ұсынып жатыр.
Камала Харистің жасы 59 – да. Окленд тумасы. Өзін афроамерикалықпен деп есептейді. Қара нәсілділердің мүддесін жоғары қойып, солардың құқығы үшін күреседі.
Демократтар пікірінше биылғы жылдың 5 қарашасында өтетін Президент сайлауында бақ сынайтын үміткерлердің бірі де, бірігейі де саналатын Донольд Трампқа Камала нағыз қарсылас. Қазірдің өзінде 50 штаттың барлығындағы демпартияның өңірлік штаб басшылары, ірі донорлардың көпшілігі оны жақтап, зор үмітте екендіктерін білдіруде.
Бірақ, Джо Байденмен салыстырғанда Камаланың Джодан идеологиялық та, саяси тұрғыдан да еш айырмашылығы жоқтығы, Байденменен Камаланың көп мәселеде көзқарастары бір екендігі республикалықтардың жеңіске жетуіне жол ашуы да мүмкін деп топшылаушылар да бар.
Дегенменен бұрыңғы президент Билл Клинтон, оның жұбайы, 2016 – шы жылғы Президент сайлауында Д.Трампқа есе жіберіп алған Хиллари Клинтон да Камалаға қолдау білдіруде.
Ал, демеушілер Камаладан қаржы аяп жатпағанға ұқсайды. Мәселен, Джо Байден Вашингтон уақытымен 13 –тен 46 минут өткенде өзінің сайлау науқанынан шет қалатынын мәлімдеген. Арада бар болғаны алты сағат өткенде Камала шотына 27,5 млн. доллар қаржы түскен. Үш сағаттан кейін Камаланы қолдау қаржысы 55 млн. доллардан асқан.
Ірі донорлар қаржыны тек Камала үшін аударып отырғандарын, егер де оның орнына басқа біреу үміткер болса, қаржыларын қайтарып алатындарын ескерткен.
Қаржы донорларының ең ірісі Джордж Сорос пен оның баласы Алекс болып отыр.
Жалпы, Камала Харрис АҚШ – тың Президент сайлауында додаға түсіп отырған жалғыз әйел емес. 2016 жылғы сайлауда демократиялық партиядан дауысқа түскен Хиллари Клитон 48,2% дауыс жинап, Трампқа есе жібереді. 2020-шы жылы Д.Йоргенсен либертариан партиясынан дауысқа түсіп 1,86% – ға ие болған. 2012-шы және 2016-шы жылғы сайлауларда жасылдар партиясынан Джилл Стайн алғашқыда 0,47 кейіннен 1,4%, 1988 –ші жылы «Жаңа Альянс» партиясынан Ленора Фулани 0,22; 2008 – ші жылы жасылдар партиясынан Синтия Маккинни 0,16% дауыс жинаған.
Демек, жыл сайын сайлаушылардың әйел үміткерлерге үміті артып, дауысы көбейіп келеді…