▪️Байқоңыр қалалық сотында Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің студенттерінің қатысуымен кездесу өткізілді.
▪️Кездесу барысында сот төрағасы Ж.Үсен студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу, лудоманияның және нашақорлықтың қоғамға, адамның денсаулығы мен болашағына тигізетін кері әсері туралы түсіндіріп өтті.
▪️Сонымен қатар, бейнероликтер көрсетіліп, олардың мазмұны бойынша пікір алмасу жүргізілді.
▪️Іс-шара барысында студенттерге сот жүйесінің құрылымы, соттардың қызметі, сот процесстерінің өткізілу ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.
Байқоңыр қалалық соты