Конституция – мемлекеттің басты заңы, елдің бірлігі мен тұрақтылығының берік негізі. Онда әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары, міндеттері және қоғам алдындағы жауапкершілігі айқындалған.

Ата Заңды құрметтеу – елді құрметтеу. Заңға бағыну, азаматтардың құқығын сақтау, әділдік пен тәртіпті бағалау – өркениетті қоғамның басты белгілері.

Еліміздің дамуы мен болашағы әрқайсымыздың заңға деген құрметімізден, азаматтық жауапкершілігімізден басталады. Қоғамда заң үстемдік құрып, әр азаматтың құқығы қорғалғанда ғана мемлекетіміздің іргесі нығая түседі.

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның тірегі, ал бірлік пен жауапкершілік – жарқын болашақтың кепілі!

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген халқымыздың нақыл сөзі әділдіктің қай заманда да биік тұруы керектігін аңғартады.

Ата Заңымызды ардақтап, заңды құрметтеп, еліміздің өркендеуіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық!

ӨТЕТІЛЕУОВА ЖАНСАЯ

Шиелі аудандық көпбейінді ауруханасының қызметкері

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған