▪️2025 жылы сот шешімімен әйелден микроқаржылық ұйымның пайдасына 2 млн. теңге көлемінде берешек өндірілген.
 
▪️Атқару парағына сәйкес, жеке сот орындаушысымен атқарушылық іс жүргізуді қозғалып, әйелге тиесілі екі тұрғын үйге тыйым салу туралы қаулы қабылданған.
 
▪️Өз кезегінде әйел сотқа жүгініп, берешек сомасы ай сайынғы жалақысынан өндіріліп жатқанын, соған қарамастан, құны берешек мөлшерінен едәуір жоғары болатын жылжымайтын мүліктеріне тыйым салынғанын көрсетіп, жеке сот орындаушысының қаулыларының күшін жоюды сұраған.
 
▪️Сот іс құжаттарын зерделей келе, өндіріп алынуға тиіс берешек сомасынан құны бірнеше есе жоғары екі жылжымайтын мүлікке тыйым салынғанын анықтаған.
 
▪️Сот бұл мөлшерлестік қағидатына сәйкес келмейді деген тұжырымға келді.
 
▪️Сонымен қатар, жеке сот орындаушысының қаулылары Министрлік бекіткен үлгілік нысандарына сәйкес келмейтіні анықталған.
 
▪️Сот талап қоюшының талаптарын қанағаттандырып, жеке сот орындаушысы қабылдаған қаулылардың күшін жою туралы шешім шығарды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған