▪️IX республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы бойынша Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі бөлімінің бас маманы Н.Нұрбайқызы Абай облыстық сотының арнайы жүлдесімен марапатталды.
▪️Биылғы байқауға 70-тен астам шығарма ұсынылып, олардың арасынан үздік деп танылған 15 шығарма іріктеліп алынды. Байқаудың таңдаулы шығармалары Абай облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген «Соны соқпақ» атты детектив шығармалар жинағына енгізілді.
▪️Әріптесімізді жетістігімен құттықтаймыз!
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі