Қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау – баршамызға ортақ міндет. Ортақ мүлікке ұқыпты қарап, көшелерді, аулаларды, саябақтарды таза ұстауға жауаптымыз.

Бөтеннің мүлкін әдейі бүлдіру немесе сындыру, қоғамдық орындарды ластау, қоқысты белгіленбеген жерге тастау, сондай-ақ тарихи-мәдени және табиғи нысандарды бүлдіру – заң бұзушылық.

Мұндай әрекеттер үшін заң бойынша айыппұл, қоғамдық жұмысқа тарту, әкімшілік қамақ, ал кейбір жағдайларда қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

Әсіресе, тарихи-мәдени ескерткіштерге жазу, сурет салу немесе оларды бүлдіру – вандализм болып саналады және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. .

Қоғамдық тәртіпті сақтау – тек полицияның міндеті емес. Бұл – әр азаматтың жауапкершілігі.

Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заңда белгіленген жағдайларда құқық бұзушының бейнесі бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда жарияланатындығын ескертеміз.

Баршаңызды заңды сақтауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға және өз іс-әрекетімізге жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған