Жаһандану дәуірінде Қазақстан Республикасының соттары берген шешімдерді, ұйғарымдарды немесе басқа да сот актілерін шетелде заңды күші бар деп тану мәселесі жиі туындайды. Осы орайда сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды халықаралық деңгейде куәландырудың басты құралы — апостиль (Apostille).
Апостиль деген не?
Апостиль — құжаттағы қолтаңбаның түпнұсқалығын, қол қойған тұлғаның өкілеттігін және мөрдің ақиқаттығын растайтын халықаралық стандарты бар арнайы мөртабан.
Қазақстан 2001 жылдан бастап Гаага конвенциясына мүше. Осы келісімге кіретін 120-дан астам елде біздің сот актілері апостиль мөртабаны болса, ешқандай қосымша консулдық заңдастырусыз бірден қабылданады.
Қандай сот құжаттарына апостиль қойылады?
Соттың заңды күшіне енген шешімдері, анықтамалары, ұйғарымдары мен үкімдері;
Сот мәжілісінің хаттамалары мен олардан берілетін ресми көшірмелер;
Сот органдары берген орындау парақтары.
Ескерту: Апостиль тек құжаттың түпнұсқасына немесе тиісті түрде бекітілген сот көшірмесіне қойылады.
Қайда және қалай өтініш беріледі?
Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қоюмен Сот төрелігін камтамасыз ету департаменті және оның өңірлік бөлімшелері айналысады.
Азаматтар өтiнiштi ХҚКО (ЦОН) арқылы немесе eGov.kz порталынан бере алады. Ол үшін мемлекеттік баж салығы төленіп, заңды күшіне енген сот актісінің түпнұсқасы ұсынылуы тиіс.
Түйін
Апостиль қою — сот жүйесінің ашықтығын арттырып, азаматтардың құқықтарын халықаралық деңгейде кедергісіз қорғауға мүмкіндік беретін маңызды құқықтық механизм.
Д.Ш.Смаилов
Сот әкімшісі басшысының орынбасары