Республикалық Киберқауіпсіздік айы аясында «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясында өңірлік форум-семинар өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің қолдауымен және Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Форумға Қызылорда облысы Полиция департаментінің Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының инспекторы, полиция подполковнигі Ермаханов Нұртілек Тұрмаханұлы қатысып, киберқауіпсіздік бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың киберқауіпсіздік саласындағы хабардарлығын арттыру, дербес деректерді қорғау мәдениетін қалыптастыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.
Форум барысында:
* киберқауіпсіздік және цифрлық гигиена;
* дербес деректерді қорғау;
* интернет-алаяқтықтан сақтану;
* цифрлық ортадағы негізгі қауіптер және олардан қорғану тәсілдері талқыланды.
Қатысушыларға киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдар беріліп, сұрақ-жауап сессиясы өткізілді. Сонымен қатар сала мамандарына арналған воркшоп ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің, IT-саланың және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Форум-семинарға 120-дан астам адам – мемлекеттік қызметшілер, білім беру және денсаулық сақтау салаларының өкілдері, кәсіпкерлер, IT-мамандар және цифрлық қауіпсіздікке қызығушылық танытқан азаматтар қатысты.
Киберқауіпсіздік айы аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өңірде жүйелі түрде жалғасуда. Қала және аудан орталықтарындағы LED экрандарда, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет ұйымдарында киберқауіпсіздікке арналған бейнероликтер көрсетіліп, тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру материалдары ұсынылуда.
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі.
Цифрлық ортадағы қауіпсіздік те әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Киберқауіпсіздік талаптарын сақтау – интернеттегі құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды кепілі.
Цифрлық ортада қауіпсіз болайық!