– Өздеріңізге мәлім, энергия энергия­сын тұтыну көлемі қыс мезгілінде көбірек болады. Сәйкесінше, жас мезгілінде де солай. Мысалы, маусым айының өзіндегі электр энергиясын тұтыну көлемі 104 млн. кВт. сағ болды. Шілде айында бұл көрсеткіш  121 млн. кВт. сағ артты. Тамыз айында 116.5 млн. кВт құрайды. Қыр­күйек айында түскен көрсеткіш тамыз айына тиесілі. Көпшілік тарапынан түсініспеушіліктер болуда. «Күн салқын, ауа желдеткішті қоспаймыз, сонда да неліктен көрсеткіш жоғары, төленетін ақша көп» делінген пікірлер мен түсініспеушіліктер жоқ емес.  Қыркүйек айына тиесілі тө­лем көрсеткіші қазан айында жол­да­нады. КРЭК мекемесінде 194 мың абонент болса, бұл кісілер бір уа­қыт­­та бір күнде көрсеткішті түсіре ал­­майды. Көрсеткішті алу уақыты әр айдың 11-нен басталып, айдың соңын­да аяқталады. Әрі қарай көр­сет­кішті «Алсеко» мекемесіне өткізе­ді. Аталмыш меке­ме оны 4-5 не дейін тұты­ну­шыларға жолдайды. Тұтыну­шылар сол айдың 25- не дейін төлеуге мүмкіндіктері бар.

– Неліктен «Алсеко» таңдалды?

– Ашық түрде Мемлекеттік сатып алу конкурсы аясында тандалғанын айта кетейін. Біз өз тарапымыздан таңдау жүргізе алмаймыз. Олар да талапқа сәйкес қызмет түрлерін ұсынып, заң аясында әрі қарай жұмыс істеуге мүмкіндік ал­ған. Қадағалаушы, құзырлы органдар өз тараптарынан  барлық процессті бақы­лауға алған.

– Неге «Бірыңғай төлем құжатын­дағы» ақы банк қосымшасында бөлек көрсетіледі?

  • Маусым айынан бастап комму­налдық мекеме тарапынан жарық және жылу бойынша шот беру тоқтатылды. Тазалық пен су жүйесі әлі тапсыруда. Алдағы уақытта тоқтатылады. Алда бір төлем жүйесі арқылы жұмыс жасау жоспарда бар. Сіз “Алсекоға” да, коммуналдық мекемеге де төлеген болсаңыз, төлеген  төлем базаға түсті және сіздің қарыз емес екеніңіз дәлел бола алады. Артық қаржы аванс, яғни алдағы айға тиесілі  төлем болып тұрады.

Тағы бір мәселе, халық арасында екі бөлмелі пәтерде тұрсам да төлем құны 20 мыңға жуық көрсеткішті көрсетіп тұр, ал жеке тұрғын үйде тұратындардың көпшілігіне 10 мыңға жетер-жетпес ақша көлемін шығарған деген де пікірлерді естудеміз.  Бұл жерде мәселе есептегіштің көрсеткішімен анықталады.

– Неге электр энергиясы үшін қос тарифпен төлейміз?

– «Сараланған тариф» бойынша бір үйде тіркелген әр адам басына пайдалану көлем бойынша берілген. Мысалы, бір үйде 10 адам тұратын болса, әр адам басына 30 күнге 70 кВт, 27 теңге тарифпен беріледі. Одан кейін бір адам басына 80 кВт 35,44  тенгеден беріледі. Ал жалғыз адам тұратын үйде бір айда 300 кВт жағатын болса, оның 70 кВт 27 теңгемен есептеледі, 80 кВт 35 теңгемен, қалғаны 44 теңгемен есептеледі. «Орташа босату» тарифі 29,55 теңге болып есептеледі. Орташа босату тарифімен 1 кВт жақсаңыз да, 1000 мың кВт жақсаңыз да осы бір бағамен есептейді. Тарифті таңдау тұтынушының құқығында. Қай тариф сізге тиімді соны тандайсыз. Үйіңізде адам саны көп болатын болса,  төменгі лимиттегі тарифті таңдауға болады. Әр адам басына 70 кВт-тан 1 айда 700 кВт пайдалана аласыз. Болмаса басқаша тарифпен төлеймін десеңіз де өз тандауыңыз.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған