Қызылорда облысы әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте коммуналдық қызметтердің бірыңғай төлем құжатына қатысты мәселе қаралды.

Қызылорда облысында биылдан бастап электр энер­гиясы, жылу, ауыз сумен жабдықтау, кәріз және тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметтеріне төлем жасау «АЛСЕКО» есеп айырысу орталығы арқылы жүргізілуде.

Бірыңғай төлем құжатын енгізудегі негізгі мақсат – есеп айырысу үдерісін орталықтандыру, төлемдерді бір жүйе­ге біріктіру және қызмет көрсетудің қолайлылығы мен ашық­тығын арттыру. «АЛСЕКО» есеп айырысу орталығы еліміздің бірнеше өңірінде қызмет көрсетеді.Алайда жаңа жүйеге қатысты тұтынушылар тарапынан сауалдар мен нара­зы­лық­тар туындап отыр. Атап айтқанда электр энергия­сы төлемінің бұрынғыдан қымбаттағаны, сондай-ақ комму­налдық мекемелер тарапынан тікелей және «АЛСЕКО» арқы­лы қайталама есепшоттардың ұсынылатыны туралы шағымдар бар.

Осыған байланысты энергетика, қоғамдық даму басқармаларына қала және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы бірыңғай төлем құжатының жұмыс тәртібін тұрғындарға кеңінен түсіндіру міндеті жүктелді.

«Қызылорда жылу-электр орталығы», «Қызылорда су жүйесі» және «Қызылорда тазалығы» мекемелері тұрғындарға ай сайынғы төлем құжаттарын бірыңғай жүйе арқылы ұсынуы тиіс.«АЛСЕКО» есеп айырысу орталығы жүйенің жұмысын қайта тексеріп, анықталған кемшіліктерді жоюы, коммуналдық мекемелер енгізетін көрсеткіштер тұрғындарға жедел әрі ашық көрсетілуі қажет.

Сонымен қатар мәжілісте жұртшылықтың өтініштері мен шағымдарына жедел жауап беру, көтерілген мәселелерді уақытылы шешу тапсырылды.

Жиында «АЛСЕКО» мекемесінің коммерциялық дирек­торы Алексей Бозжанов хабарлама жасады.

Бірыңғай төлем құжатына байланысты мәселелер тұтынушылардың берешегі мен мекенжай деректерінің дұрыс көрсетілмеуінен туындаған. Осыған орай мекенжайларды нақтылау және коммуналдық мекемелердің ақпараттық жүйелеріндегі деректерді өзара сәйкестендіру туралы тапсырма берілді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған