Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне «Анаға тағзым» орталығына барып, орталықтың әдіскер маманы Айгерім Мұхтарқызы мен бірлесіп арт-терапия бағытында психологиялық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар түрлі шығармашылық тапсырмалар арқылы өздерінің ішкі жан дүниесін танып, эмоциялық күйзеліс пен күнделікті стрестен арылуға бағытталған жұмыстар жүргізді. Арт-терапия қызметкерлердің көңіл күйін көтеріп, жағымды эмоция сыйлаумен қатар, психологиялық тұрғыда демалып, өзара еркін қарым-қатынас орнатуына ықпал етті.

Шара соңында жеке құрам қызметкерлері өз әсерлерімен бөлісіп, өткізілген арт-терапияның ерекше әрі пайдалы болғанын атап өтті. Осындай психологиялық кездесулер ұжымдағы жағымды ахуалды қалыптастырып, қызметкерлердің эмоционалдық тұрақтылығын нығайтуға септігін тигізеді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған