Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы С. жәбірленуші Е.-ге тиесілі құны 120 000 теңге тұратын велосипедті жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалап, жәбірленушіге мүліктік залал келтірген.
Басты сот талқылауында сотталушы тағылған айыпты мойындап, жасаған қылмысына өкінетінін, жәбірленушінің кешірім бергенін көрсетті.
Жәбірленуші сотталушыға кешірім бергенін, қылмыспен келтірілген залал қайтарылғанын, оған қояр талап-тілегі жоқ екенін және татуласқанын көрсеткен.
Сотталушы С., жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.
Қызылорда қаласының №2 соты