Қазіргі таңда интернет өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды.Алайда оның пайдалы жақтарымен қатар қауіптері де бар.Соның бірі –онлайн алаяқтық.
Алаяқтар адамдардың сеніміне кіріп, жеке мәліметтерін немесе ақшасын ақшасын иемденуге тырысады.Сондықтан әрбір интернет қолданушысы сақтық шараларын білуі қажет.
Ең алдымен, белгісіз адамдардан келген хабарламалар мен сілтемелерге сенбеу керек.Алаяқтар көбіне банк қызметкері, мемлекеттік орган өкілі немесе танымал компания атынан хабарласып, құпия ақпаратты сұрайды.
Ешқашан жеке куәлік нөмерін, банк картасының деректерін, құпия сөздерді бөтен адамдарға бермеген жөн.
Сонымен қатар, интернет-дүкендерден сауда жасағанда сайттың сенімділігіне назар аудару қажет.Тым арзан баға немесе күмәнді ұсыныстар алаяқтардың айласы болуы мүмкін.Сатып алмас бұрын пікірлерді оқып, сатушы туралы ақпаратты тексерген дұрыс.
Интернеттің пайдасымен қатар қауіптері де бар.Соның ішінде онлайн алаяқтық кең таралып келеді.Сондықтан әр адам өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сақтық шараларын білуі қажет.
Онлайн алаяқтар адамдарды алдау үшін түрлі тәсілдерді қолданады.Олар жалған сайттар жасап, арзан бағамен тауар ұсынуы мүмкін немесе өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке мәліметтерді сұрайды. Кейде әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар арқылы ақша аударуды талап етеді.Мұндай жағдайларда асығыс шешім қабылдамау маңызды.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін бірнеше қарапайым ережені сақтау керек.
Біріншіден, жеке деректеріңізді, банк картасының нөмерін, құпия сөздер мен SMS арқылы келген кодтарды ешкімге бермеу керек.
Екіншіден, күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз файлдарды жүктемеу.
Үшіншіден, интернет-дүкендерден тауар сатып алмас бұрын олардың сенімділігін тексеріңіз, пікірлерді оқыңыз және байланыс ақпараттарына назар аударыңыз.
Төртіншіден банк қызметкері болып хабарласу мүмкін;
Бесіншіден жалған ұтыс немесе сыйлық туралы хабарлама жіберу;
Алтыншыдан әлеуметтік желілердегі жалған аккаунттар арқылы байланысу;
Жетіншіден танымал сайттарға ұқсас жалған веб-парақшалар жасау,
Сондай ақ, жеке мәліметтерді ешкімге беруге болмайды.Банк картасының нөмері, CVV коды, SMS арқылы келген растау кодтары құпия сақталуы тиіс.Күмәнді сілтемелерге өтуге болмайды.Белгісіз адамдар жіберген сілтемелер зиянды сайттарға апаруы мүмкін.
Сонымен қатар аккаунттарыңызға күрделі құпия сөз орнатып, екі факторлы қорғанысты қолданған жөн.Антивирустық бағдарламаларды жаңартып отыру да қауіпсіздікті арттырады. Егер алаяқтық белгілерін байқасаңыз, тиісті органдарға хабарлап, басқа адамдарды да ескерткен дұрыс.
Онлайн алаяқтықтықтың алдын-алудың басты жолы қараңғылық пен ақпараттық сауаттылық.
Интернетті қауіпсіз пайдалану арқылы өз қаражатыңызды, жеке мәліметтеріңізді және уақытыңызды қорғауға болады.
Сақтық-қауіпсіздіктің кепілі.
Э.Серікбаева
Жаңақорған аудандық сотының бас маман
сот- отырысының хатшысы