«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қызылорда облысы Полиция департаментінде аумақты абаттандыру және тазалықты сақтау мақсатында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері белсенді қатысты.

Сенбілік барысында әкімшілік ғимараттар мен іргелес аумақтар тазартылып, жиналған қоқыс пен тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Сонымен қатар санитарлық жұмыстар жүргізіліп, аумақты ретке келтіру шаралары атқарылды.

Іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы арнайы қатысып, сенбілік жұмыстарының барысын аралап көрді. Ол жеке құрамның қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған бастамаларына оң бағасын беріп, мұндай шаралардың экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

Тазалық – күнделікті мәдениет пен жауапкершіліктің көрінісі. Сондықтан тәртіп сақшылары үшін мұндай шаралар қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, тәртіп пен ұқыптылық қағидаттарын іс жүзінде насихаттаудың бір үлгісі болып табылады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған