Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі күні Қызылорда қаласының орталық алаңында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен поли­ция қызметкерлеріне 94 арнайы автокөлікті табыстау рәсімі өтті.

Бүгінде өңірде құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу және оны ашу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағы­тында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Осы жауапты міндеттерді атқаруда полиция қызметкерлерінің еңбегі ерекше.

Құқық қорғау органдары қызметі­нің тиімділігін арттыру үшін полиция департаментінің жедел-сала­лық қызметтерінің материалдық-техни­калық базасы зама­науи тех­ника­лармен толықтырыл­ды. Жаңа қызмет­тік көліктер тергеу, анықтау, жедел-кри­миналис­тикалық, табиғат қорғау, көші-қон және өзге де бөлімшелердің қызметтік міндет­терін жедел орындауына мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы тәртіп сақшыларының қоғам алдын­дағы жауапкершілігіне, ел тыныштығы жолындағы еселі еңбегіне тоқталды.

– «Президентіміз «Қоғам­дық қауіпсіздікті сақтау, заңның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету – айрықша маңызды міндет» деп атап өтті. Бұл тәртіп сақшыларының күнделікті қызметіндегі басты бағдары болуы тиіс!

Жергілікті атқарушы билік пен құқық қорғау органдары бірлесіп, үйлесімді жұмыс атқаруда. Кейінгі жылдары құқықбұзушылық азайып, өңірдегі қауіпсіздік пен жедел әрекет ету қызметтерінің жұмысы оң нәтиже берді.

Егемен еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауда, қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын орнықтыруда аянбай еңбек етіп, Өздеріңізге жүктелген міндетті абыроймен орындай беріңіздер! Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, отбасыларыңызға бақ-береке тілей­мін! Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Сәуір айында сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен полицияның патрульдік қызметкерлеріне 100 жаңа автокөлік табысталған болатын. Бүгінгі бастама құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық әлеуетін бұрынғыдан да нығайта түсті.

Рәсімде ІІМ-нің Құрметті ардагері, Қызылорда қаласының Құрметті Азаматы Тастемір Рахимов, облыстық полиция департаменті ардагер­лер кеңесінің төрағасы, запас­тағы полиция полковнигі Әмірбек Шаймағамбетов әріптестерін мереке­мен құттықтап, ізгі тілек білдірді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған