Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Азаматтық құқық және процесс» секциясы бойынша семинар өткізілді.
Семинарға Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Жақсылық, облыстық соттың судьялары, қалалық соттардың судьялары, сондай-ақ аудандық соттардың төрағалары мен судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.
Семинарды Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Б.Жақсылық ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
Семинар барысында Қызылорда қалалық сотының судьясы К.Сәдуақасова Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы тақырыбында баяндама жасап, бірқатар мәселелерді атап өтті.
Сонымен бірге, Қызылорда қалалық сотының судьясы Ә.Түбекбаева ҚР Азаматтық процестік Кодексінің талаптарының сақталуы мәселелері бойынша баяндама жасады.
Арал аудандық сотының судьясы Г.Нұрымбетова азаматтық процесте сот шығындарын өндірудің құқықтық негіздері және қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Қызылорда облыстық сотының судьясы Е.Турбаев апелляциялық сатыда қаралған істерге тоқталып өтті.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі