ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшылық құрамы, жеке құрамы, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ шекара бөлімдері мен бөлімше бастықтарының қатысуымен республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең ауқымды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында әскери қызметшілер қоршаған ортаны қорғау және табиғатты аялау бағытындағы игі бастаманы қолдап, қызметтік аумақтарда ағаш көшеттерін отырғызды.

Аталған акция – табиғи байлықтарды сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және болашақ ұрпаққа жасыл әрі таза орта қалдыру жолындағы маңызды қадам. Шекара қызметінің жеке құрамы бұл бастамаға белсене қатыса отырып, қоғамға үлгі көрсетіп, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Отырғызылған әрбір тал – елдің ертеңіне деген сенім мен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырыла бермек.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған