Қармақшы ауданы Жаңажол ауылдық округінің клуб үйінде орналасқан №107 референдум учаскесінде дауыс беруге балаларымен бірге келген ата-аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы ойыншықтар берілуде.Бұл саяси науқанға белсенділікті арттыру және отбасымен бірге референдумға қатысудың жағымды әсерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.