Бүгін елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен республикалық референдум өткізіліп, барша қазақстандықтар саяси науқанға белсене атсалысуда.
Ел болашағына бағытталған саяси науқанға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев та қатысып, қаладағы «Қарлығаш» бала бақшасындағы №53 референдум учаскесіне аудандағы бірнеше зиялы қауым өкілдерімен бірге барып, өз таңдауын жасады.
Айта кетейік, ауданда жалпы 56 референдум учаскесі болса, оның 16-ы аудан орталығына орналасқан. Барлық дауыс беру учаскелерінің жұмысы таңғы сағат 7.00-де Мемлекеттік Әнұранмен басталды.
Ел ертеңін айқындауда маңызды қадам саналатын саяси науқан кешкі сағат 20:00-де аяқталады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі