Қармақшы ауданында өтіп жатқан республикалық референдумда тұрғындар белсенділік танытуда. Бүгін Ақтөбе ауылдық округіндегі ауылдық клуб үйінде орналасқан №107 референдум учаскесіне келген ауыл тұрғыны, 74 жасқа толған туған күн иесі Феруза Мөмкебаева өз таңдауын жасады.
Маңызды саяси науқан күні дауыс беруге келген мерейтой иесіне учаске мүшелері жылы лебіздерін білдіріп, құрмет көрсетті.
– Ел үшін, халық үшін жасаған еңбектеріңіздің ақталып, еліміздің өсіп-өркендеуіне жастар да өз үлесін қосады деп сенемін. Бүгінгі көрсеткен құрметтеріңізге рақмет, – деді.
Ауыл тұрғындары да саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.