Жалағаш кентінде белгілі ақын-сазгер Айкүміс Орынбаева аудан орталығындағы №131 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Айкүміс Телғарақызы Конституцияда Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік жағынан дамыған ел ретінде орнықтырып, ең басты құндылығы адам мен адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары екендігіне тоқталды.

-Жаңа конституцияда адамдардың шығармашылық ой еркіндігі де қаралған. Сонымен қатар, ғылымды, білім беру мен инновацияны дамыту мемлекеттің басым бағыттары екені де көңілге қонады. Жалпы жаңа Конституцияны талқылауға халық емін-еркін қатысты, ұсыныстарын берді. Осы тұрғыдан келгенде жаңа Конститция халықтың мүддесін білдіреді деп ойлаймын, – деп түйді ойын Айкүміс Орынбаева.

Қаламымен сөз маржанын терген ақын, сазгер Айкүміс Телғарақызы келешек ұрпаққа өнегелі іс қалдыруымыз керек деп атап өтті.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған