Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылы №144 референдум учаскесінде ішкі істер саласының ардагері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Болатбек Нұржанов та алғашқылардың бірі болып, референдум учаскесіне келіп, дауыс берді.

Ауылдағы «Нұржан Елемесұлы атындағы Мәдениет ауылының тарихынан жасақталған қоғамдық негіздегі музей-үйін» жасақтаушы Болатбек Нұржанов жаңа Конституцияны қолдаушылардың бірі ретінде ел тағдырына бей-жай қарамайтынын білдірді.

«Қазақстанның жаңаруы осында тұратын барлық халықтың, азаматтарымыздың бірлікке деген жаңаша ұстаным қалыптастыруынан көрінеді. Осы ретте ел алдындағы жауапкершілігімізді терең түсініп, бүгінгі республикалық референдумға атсалысып отырмын» деді қаламгер Болатбек Нұржанов.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған