Жаңақорған ауданын тұрғындары маңызды саяси науқан – республикалық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Таңсәріден бастап дауыс беру учаскелеріне келген тұрғындардың қарасы қалың. Учаскелерде алғаш болып дауыс берген, ең қарт, ең жас сайлаушы, сондай-ақ туған күнімен тұспа-тұс келген тұрғындар сияқты ерекше санаттағы азаматтарды комиссия мүшелері арнайы қарсы алып, оларға естелік сыйлықтар табыстады.

Мұндай игі бастама тұрғындардың саяси белсенділігін арттырып, ел өміріндегі маңызды шешімдерге бейжай қарамай, азаматтық ұстанымдарын білдіруге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, бұл шара референдумға қатысушылардың мерекелік көңіл күйін көтеріп, қоғамдағы бірлік пен жауапкершілік сезімін нығайта түсті.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған