Халықаралық деңгейдегі жарыстарда ел намысын қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүрген спортшылар мен чемпиондар, сондай-ақ спорт командаларының мүшелері Жалағаш кентіндегі №128 референдум учаскесінде дауыс беріп, маңызды саяси науқанға белсенді қатысты.

Ел абыройын асқақтатып жүрген саңлақ спортшылар бұл жолы да азаматтық жауапкершіліктерін танытып, мемлекет болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда өз таңдауларын жасады. Олардың референдумға қатысуы – қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларға бейжай қарамайтындықтарының айқын көрінісі.

Жеңіс тұғырынан көрініп жүрген чемпиондардың осындай саяси науқанға қатысуы жастарға үлгі болып, елдік мәселелерге жауапкершілікпен қараудың маңызын көрсетеді. Спортшылардың белсенді азаматтық ұстанымы қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға да өз үлесін қосып келеді.

Олардың қатарында Азия, Әлем чемпиондары Әсел Бисембай, Болат Наурыз, Рүстем Әділбек те бар.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған