15 наурыз – республикалық референдум. Маңызды күнде Қызылорда өңірінің азаматтары дауыс беруге белсенді түрде қатысуда. Дауыс беру күніне дейін өзге өңірден келген немесе басқа да себептермен өз учаскесінен тыс жерде дауыс беруге ниет білдірген азаматтар учаскелерден есептен шығару куәліктерін алды.

– Аймақта 391 азамат есептен шығару куәлігін алуға өтініш жазған. Оның 179-ы Қызылорда қаласынан, 212-і аудандардан алған. Есептен шығару куәліктері бар азаматтар Қазақстан аумағындағы өзге елді мекендегі кез келген учаскелерде дауыс бере алады,-деді Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясы төрағасы Әділбек Ерсұлтанов.

Еске салайық, референдум күні облыс бойынша 492 524 азамат дауыс беруге құқылы. Өңірде азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 187 онлайн сервис жұмыс істейді. Сондай-ақ, азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске бар. Облыста 378 референдум учаскесі жұмыс істейді. Мұнда 2642 комиссия мүшелері қызмет атқарады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған