Ай астындағы Ақкент қаласы бұрыннан тыныш берекелі мекен. Таң сайын тұрғындар бір-біріне мейіріммен қарап, кешке шаршағандарымен, болашақтан үміттенетін.
Алайда бірде қалаға жүзі жайдары көрінгенімен, жанары суық бейтаныс Саудагер келді. Оның қолында түрлі түсті, жылтыр тастарға толы сандықшасы болды.
– Бұл «Ләззат» тасы, – деді дауысына сенім ұялатып.
– Бір рет иіскесең, жан дүниең жеңілдеп, уайымдарың ұмыт болады.
Жұрттың көбі күмәнмен қарағанымен, жасөспірім Еңлік қызығушылығына еріп, тасты иіскеді. Сол сәтте өзін бақыттың шыңында жүргендей: айналасы ерекше жарқырап, өзіне қанат біткендей аспанда жүрді. Бояулар қанық, өмірі бұрын-соңды болмағандай тәтті көрінді. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмады.
Келесі күні Еңлік өзін танымай, көзіндегі от сөніп, денесі әлсіреп, жаны бір нәрсеге тәуелді болғандай, сол тасты иіскеуге ғана асығатын болды. Саудагердің «сыйы» ауыр құнды талап етті. Әр тас үшін адамның денсаулығын, арманын, еркіндігін байқатпай жұтатын. Осылайша Еңлік сырты көз тартарлықтай, бірақ іші суық, қуыс Шыны сарайға қамалды. Онда уақыт пен үміт тоқтап қалғандай.
Досының өзгерісін көрген Қайсар шындықты түсініп, ержүрек полиция қызметкеріне жүгінді. Тәртіп сақшысы Саудагердің арам пиғылын бірден ұғып, заң мен әділдіктің күшімен Саудагердің сандықшасын талқандағанда, ішіндегі жылтыр тастар күлге айналып, Шыны сарайдың сиқыры жойылды.
Полиция қызметкері Еңлікке қол ұшын созып: «Өз өміріңнің суретшісі – тек өзің, оны жалған бояумен былғама»,– деп қауіптен арашалап алды.
Кеңесбекқызы Жібек
Қызылорда қаласы М.Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің І-курс студенті