Ұлттық құрылтай – мемлекетіміздің дамуына өзек болар ең маңызды тақырыптар талқыланатын алқалы жиын. Бұл туралы Қызылорда қаласындағы V Ұлттық құрылтай аясында өтіп жатқан секциялық отырыс кулуарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Самат Нұртаза айтты.

Ол, ең алдымен, Сыр өңірі туралы әсерімен бөлісті.

— Маған қаланың тазалығы ұнады. Тұрғындардың туған жерді таза ұстауға бейімделгені көрініп-ақ тұр. Сыр өңіріне бұған дейін де келіп жүрмін. Ол уақытта қаладағы әуежай құрылысы жүріп, жаңа терминал салынып жатқан. Ал кеше ұшақтан түскен бетте жаңа келбетке енген әуежайды көріп, риза болдым. Ондағы қызмет сапасы қонақтардың барлығына ұнағандай, – деді Самат Нұртаза.

Депутат Ұлттық құрылтайда қандай мәселе көтеретіні туралы да айтты.

— Өз тарапымнан білім саласына қатысты бірнеше мәселе бар. Әсіресе, мектептегі психолог мамандарға қатысты айтқым келеді. Себебі бүгінге дейін мұғалімдердің жалақысы өскенімен олар бұл қолдаудан қалыс қалып жүр. Жиында мектеп оқулықтарына қатысты мәселелер де көтеріледі, – деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Фото: Самат Мұртазаның Instagram парақшасынан

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған