▪️Арал аудандық сотында азамат Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

▪️Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат Б. супермаркет ғимаратының екі терезесінің және кіре беріс есігінің әйнектерін тас лақтырып сындырып, бөтен мүлікті қасақана бүлдірген.

▪️Сот отырысында Б. кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрағанын, сынған әйнектерді қалпына келтіргенін көрсеткен.

▪️Сот қаулысымен Б.-ға 137 620 теңге әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған