▪️Қармақшы аудандық сотында азамат Д.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Сотта анықталғандай, азамат Д. өзінің тұрғылықты үйінде отбасы-тұрмыстық қатынастардағы жұбайына сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, ар-намысына тиетін сөздер айтып, мазасын алып, үй-тыныштығын бұзып, осы әрекетті әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған.
▪️Д.-ның құқық бұзушылық әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен дәлелденген.
▪️Сот қаулысымен Д. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Қармақшы аудандық соты