Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жауапкершілік пен оның салдарын түсіндіру» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме тренинг ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң бұзушылықтың салдары туралы түсінік беру және жауапкершілік сезімін арттыру.
Тренинг барысында студенттерге құқықтық сауаттылық, жеке жауапкершілік, заң талаптарын сақтау және құқықбұзушылықтың түрлі салдары туралы нақты мысалдар келтіріліп, интерактивті форматта пікір алмасу өтті.
Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды.
Мұндай іс-шаралар жастардың заң алдындағы жауапкершілігін арттырып, қоғамдық тәртіпті сақтауға оң әсер етеді.