▪️Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында талап қоюшы Ш.-ның тұрғын үй кезегіне қою құқығын тану туралы талап қоюы бойынша әкімшілік іс қаралды.

▪️Талап қоюшы Ш. 1996-2008 жылдары балалар үйі интернатында тәрбиеленген.

▪️2025 жылдың ақпан айында талап қоюшы Қызылорда қаласының тұрғын үй инспекциясына жүгініп, 2008 жылдан бастап «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша кезекке қоюды сұраған. Алайда, уәкілетті орган оны есепке қоюдан бас тартқан.

▪️Іс құжаттарынан анықталғандай, талап қоюшы балалар үйі интернатынан шыққаннан кейін, 2008 жылдың 20 маусымынан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу құқығына ие болған. Алайда, интернат пен білім беру бөлімі тиісті құжаттарды уақытылы жергілікті атқарушы органға жібермеген, соның салдарынан талап қоюшы кезекке қойылмай қалған.

▪️Сот іс құжаттарын зерделеп, талап қоюды қанағаттандырып, Қызылорда қаласының әкімі мен тұрғын үй инспекциясын талап қоюшыны 2008 жылғы 20 маусымнан бастап тұрғын үй кезегіне қоюды міндеттеді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған