Талап қоюшы республикалық мемлекеттік мекеме сотқа талап қою беріп, онда жауапкер «Ж» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «Ж» жеке кәсіпкері танылып, тараптар арасында келісім-шарт жасалған.

Келісім-шартқа сәйкес, жеке кәсіпкер 1 948 220 теңгеге жарық шамдарын тапсырыс берушіге жеткізуге міндеттелген. Алайда, жеке кәсіпкер келісім шартта көзделген міндеттемелерін орындамаған.

Сотта тараптардың түсініктері тыңдалып, дәлелдемелер зерттеліп, талап қою қанағаттандырылып, «Ж» жеке кәсіпкері мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп танылды.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған