Талап қоюшы М. Қызылорда қалалық сотына жүгініп, жауапкер «Қызылорда» автобус паркі» мекемесінен асыраушысынан айырылуына байланысты кәмелетке толмаған балаларын асырауға ай сайын кәмелетке толғанша әр қайсысына зиянды өтеу мөлшерін белгілеп, өндіруді сұраған.
Талап қоюшы М.-ның жұбайы С. 2019 жылы Қызылорда қаласында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан қайтыс болған, ал кәмелетке толмаған баласы ауыр дене жарақатын алған.
«Қызылорда» автобус паркі» мекемесіне тиесілі автобусты басқарған кезде жол жүру ережелерін бұзғаны үшін автобус жүргізушісі Н. сот үкімімен кінәлі болып танылған.
Жауапкер сотта талап қоюшыға сот шешімімен материалдық шығын, е моральдық зиян өндірілгенін, сонымен бірге, сақтандыру төлемі төленгенін, және материалдық көмек көрсетілгенін көрсеткен.
Сотта жол-көлік оқиғасына «Қызылорда» автобус паркі» мекемесінің автобус жүргізушісінің кінәлі екені сот үкімімен анықталғаны, талап қоюшы М. жұмыс істегенімен, кәмелет жасына толмаған балаларына, оның ішінде жол-көлік оқиғасы салдарынан ІІ топ мүгедектігі берілген баласына қараумен айналысатыны анықталды.
Сот істегі дәлелдемелерді және тараптардың түсінігін тыңдай келе, талап қоюшының талап қоюын қанағаттандырып, «Қызылорда» автобус паркі» серіктестігінен талап қоюшының пайдасына кәмелетке толмаған балаларын асырауға ай сайын әр балаға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде балалар кәмелет жасына толғанға дейін асыраушысынан айырылуға байланысты зиян өндірілді.
Қызылорда қалалық соты