«AMANAT» партиясы 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында «Жеке бас­пана мен жайлы инфрақұрылым» бағыты бойынша сапалы тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мақсатында қаржыландырудың барлық көздерінен жаңа тұрғын үй құрылысын жүргізуді жоспарлаған болатын. Бұл бағытта өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып, апатты және тозығы жеткен тұрғын үй иелеріне мүмкіндіктер жасалуда.

Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова және партия филиалы жанындағы өңірлік даму жөніндегі аймақтық кеңес мүшелері Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы №2 ауданда салынып жатқан 40-пәтерлі 5 қабатты және 40-пәтерлі 10 кредиттік тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Тұрғын үйлердің құрылысы 2024 жылы басталған. Құры­лыс жұмыстарына 2024 жылы бюджеттен 5,7 млрд.теңге, 2025 жылы 0,5 млрд қаржы бөлінген. Құрылысты «Орион», «Интегро­строй», «Техоснастка Ремсервис», «Авангард ПГС», «Промстройсервис-Е», «Асар» ЖШС, «Аман-Құрылыс» ЖШС жүргізуде.

Тапсырыс беруші Қызылорда қалалық құрылыс бөлімі өкілдері тұрғын үйлер осы жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда дейді.

Мониторинг барысында кеңес мүшелері құрылыс сапасы, жобасына қатысты өз ойларын айтып, осы бағыттарда жауапты мекемелерге ұсыныс жолдайтындықтарын айтты.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған