Қызылорда облыстық сотында «Қылмыстық құқық және процесс, әкімшілік құқық бұзушылық және процесс» секциялары бойынша семинар сабағы өткізілді.
Семинарға Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Бекжанов, облыстық соттың және қалалық соттардың судьялары, сонымен бірге, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.
Алқа төрағасы Ж.Бекжанов қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
Қазалы аудандық сотының судьясы М.Оспанов «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» тақырыбы аясында баяндама жасап, аталған санаттағы істердің қараудың сот практикасымен бөлісті.
Сырдария аудандық сотының судьясы Д.Ералиев қылмыстық сот ісін жүргізудегі бұйрықтық іс жүргізу тәртібіне тоқталып, бұйрықтық іс жүргізуді қолданудың негіздерін атап өтті.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі