Арал аудандық сотында талап қоюшы Т.-ның жауапкер А.-дан алимент өндіру туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.
Талап қоюшы талабында жауапкер А. әкесі болып табылатынын, қазіргі таңда өзінің жоғарғы оқу орнындакүндізгі оқу бөлімінде білім алып жатқанын көрсетіп, өзі 21 жасқа толғанға дейін жауапкерден алимент өндіруді сұраған.
Істі негізінен қарау барысында тараптар медиативтік келісімге келіп, ол бойынша жауапкер талап қоюшыға 21-жасқа толғанға дейін ай сайын 25 АЕК мөлшерінде күтіп-бағу қаражатын төлеп тұруға міндеттенген.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық соты