Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының  3-бөлігімен (бұзақылық)  қылмыстық  ісі  қаралды.

Сотталушы А. мейрамханаға тойға барып, мейрамханада үстел үстінде жәбірленуші Ж-мен сөзге келіп қалып, араларындағы жанжалды  шешу  мақсатында  мейрамхана  сыртына  шығуын  сұраған.

Сотталушы А.   оң  қолында пышағымен жәбірленуші Ж.-ның масаң күйде екенін пайдаланып, оң жақ қолының шынтақ тұсынан бір мәрте  соққы  жасап, дене  жарақатын  салған.

Сотталушы А.-ның қылмыстық іс-әрекеті оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасымен, бейнежазбаларға қарап-тексеру жүргізу туралы хаттамасымен, сот-медициналық сарапшы қорытындысымен, сот-биологиялық  сарапшы  қорытындысымен  дәлелденеді.

Сотталушы А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып,  4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан  айыру  жазасы  тағайындалды.

Қызылорда  қаласы  №2 соты.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған