Балық аулау – демалыстың белсенді түрі, сонымен қатар өте қауіпті ермек. Су бойында адамды қаншама қауіп-қатердің тосып тұрғанын кез-келген адам біле бермейді. Сондықтан әрбір балықшыға сақтылық пен қауіпсіздіктің қарапайым шараларын орындау қажет.
Аң аулау және балық аулау кезіндегі қайғылы оқиғаны болдырмау мақсатында, Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері профилактикалық рейдтер өткізуде. Рейд барысында, қызметкерлер балық аулаушы әуесқойларға төмендегідей аң және балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндерме жұмыстарын жүргізеді.
Аң аулау және балық аулау кезіндегі негізгі қауіпсіздік шаралары:
• Аң-құсқа немесе балық аулауға шығуды жоспарласаңыз ауа райының болжамдарына назар аударыңыз, ауа райының күрт бұзылуы туралы болжамдар болса жоспарыңызды кейінге қалдырғаныңыз жөн.
• Аң-құсқа немесе балық аулауға шығар алдында су, азық-түлік, дәрі-дәрмек қорларының, байланыс және т.б. қажетті құрал-жабдықтардың өзіңізбен бірге болуын, автокөліктеріңіздің жарамдылығын қадағалаңыз;
• Аң-құс пен балық аулауға шығар алдында жақындарыңызға кімдермен және неше адам бара жатқандығын, қай бағытта немесе нақты жердің атын, ұялы байланыс телефон номерлерін, қандай автокөліктермен (маркасы, мемлекеттік номері, түсі) баратындығыңызды және қашан кері қайтатындығыңызды ескертіңіз;
• Аудан аумағындағы аң-құс және балық аулау учаскелеріндегі мүмкін табиғи және техногендік қауіптерді біліп, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтаңыз (дала және орман өрттері, қамыс өрттері).
Аталған бағытта жиі өткізіліп отыратын рейдтік шаралар, түсіндірме жұмыстар және жадынама тарату, адамдардың қайғылы жағдайларға ұшырамауына және төтенше жағдайлардың орын алмауына мүмкіндік береді.
Егер Сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз,сабырлық сақтап, үрейге жол бермей «101», «112» телефон нөміріне хабарласыныз.
Ж.Жұманазар
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты