Өрт – барлық апаттың бастауы. Ол күрделі шығынға әкеліп соқтыратыны сөзсіз. Оған деген немқұрайлықтан арылуымыз керек. Өрт әр түрлі жағдайда шығуы мүмкін, яғни алдағы көктем мезгілінде өрт қауіпті кезеңде өрт сөндіру бөлімдері көктемгі құрғақ шөп және өткен жылғы құрғақ өсімдікті өртеу салдарынан орын алатын өрттің артуы проблемасымен кездеседі.
Құрғақ шөптің жануы үлкен аумаққа тез таралады. Қатты жел кезінде оттың бағыты тез ауысып, сөндіруде қиындық тудырады.
Көбінесе көктемгі мезгілде ашық алаңдарда және тұрғындардың ауласында қоқыстарды өртеу кезінде адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын сақтамауынан орын алап жатады. Шөптің және қоқыстың жануынан тұрғын үйлер, шаруашылық құрылыстарды өрт әкеліп, адамдардың күйік шалуына және тіпті кейде қаза болуынаәкелуі мүмкін.
Қураған шөп өртеніп жатса не істеу керек:
- Жағдайды бағалаңыз;
- Егер өрт ошағы шағын болса өртті жапырақты ағаштардың бұтағымен жалынды басу қажет немесе құм тастаңыз, су құйыңыз;
- Өртті өшірген соң, өрт қайтадан жанып кетпегеніне көз жеткізіңіз;
- Егер өрт ошағы үлкен болса тез арада 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, өрт орнынан тезірек кетуге тырысыңыз.
Тыйым салынады:
- Қоқыстарды жағу кезінде жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға;
- Демалыс орындарында сөндірілмеген ошақ, темекі тұқылдарын және шыны бөтелкелер қалдырманыз.
МАҢЫЗДЫ! «Аула тазалау кезінде қураған шөпті арнайы белгіленген қоқыс жәшігіне апарып тастаңыз. ӨРТЕМЕҢІЗ!»
Есте сақтаңыз! Шөптің, қураған шөптің жануы – басқарылмайтын процесс. От Сіздің саяжай, үйіңізге және басқа құрылыстарға тез ауысуы, жану өнімдерінен улануы мүмкін.
ЕСКЕРТУ : Қураған шөптер мен қоқысты өртеу Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы№ 235-V заңының 336-бабына сәйкес жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Е.Құдайбергенов
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бас маманы
азааматтық қорғау капитаны