«Қарызсыз қоғам» жобасының 2024 жылғы жұмысын қорытындылау мақсатында былтырғы желтоқсан айының соңында жаңа әуежайымыз арқылы Астанамызға ұшуға тура келді.

Жаңа әуежайдың терминалын сол кезде көрдім де, мақтанып қалдым.

Бұрынғы жағдайы мен қазіргісі жер мен көктей!

Анау-мынау ірі қалаларыңның қасында бір аршын, оқ бойы озық тұр.

Қаншама уақыт ел аузында жүр еді. Қашан ? Қашан деп?

Қазір елге қызмет еткен үлкен стратегиялық нысан ретінде баршамыздың көз қуанышымыз болып тұр.

Басы-қасында болған барша азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ. Алла разылығында және игілікте болыңыздар!

Индира Акжигитова

«Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған