Есірткі адамзаттың –қас жауы.

Ол адамды рухани әлсіретіп,өмірінің мәнінен айырады. Есірткіге тәуелділік адамның тек жеке басына ғана емес,оның отбасына ,айналасына ,тіпті бүкіл қоғамға зиян келтіреді.Мұндай зиянды әдеттен арылу үшін әр адам саналы түрде дұрыс жолды таңдауы қажет.

Есірткіден алыс болу –жарқын болашаққа жасалған алғашқы қадам. Таза өмір сүру-білім алып,спортпен айналысып,шығармашылыққа ден қою деген сөз.Бос уақытты пайдалы істерге жұмсау,өзіне жаңа мақсаттар қою-адамды есірткіден сақтайтын басты қару.Әрбір жасөспірім өз болашағы үшін жауапты екенін түсініп,зиянды әдеттерден бас тартуы тиіс.

Есірткіге қарсы тұру-қоғамға қосқан үлкен үлес.Біз бір-бірімізді қолдап зиянды заттарға жол бермеуміз керек.Есірткісіз өмір сүру арқылы ғана өз армандарымызға жетіп,болашағымызды жарқын ете аламыз. Бақытты өмірдің негізі-салауатты өмір салты мен саналы таңдау.

Сондықтан достарым, сіздерге  айтарым-әр кезде есірткісіз өмірді дәріптеп,жан-жағымызға үндеу тастап жүрейік. Өз жақындарымыздың жақсы өмір сүріп,салауатты өмір салтын ұстануына ықпал жасайық!

Таза қоғамның қалыптасуына өз үлесімізді қосайық!

Ізбасар Айзере

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы

№98 орта мектебінің 8- сынып оқушысы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған