Есірткі адамзаттың ең қауіпті жауларының бірі. Ол-адамның денсаулығына ғана емес, өміріне, жақындарына, болашағына да зиян тигізеді.
Есірткіге бір рет жақындаған адам өзінің еркіндігін, армандарын және мүмкіндіктерін жоғалтуы мүмкін.
Бұл-жалған ләззаттың құрбаны болу.
Бүгінгі таңда көптеген жастар есірткінің құрбанына айналып, өз өмірлерін құртып жатады.. Бірақ олардың әрқайсысы ерекше талантқа, жарқын болашаққа ие болуы мүмкін еді.
Есірткі тек уақытша рахат. Бірақ оның арты ауыр қайғы мен қасіретке алып келеді. Есірткіден аулақ болу адамның өзіне және қоғамына деген жауапкершілігінің белгісі
Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, шығармашылықпен айналысу –нағыз еркіндік пен бақыттың жолы.. Әр адам өз болашағын өзі құрады.
Өзгелерді де есірткіден аулақ болуға шақыру-әрбір азаматтың міндеті. Армандарға жету үшін есірткіден бас тартып, саналы өмірді таңдау маңызды.
Таза өмір срген адам өзінің күш қуатын,ақылын және уақытының қадірін біледі. Есірткіден алыс болу болашағыңды қорғаудың ең үлкен қадамы
. Біздің армандарымызға апарар жол еңбекке, білімге, тәртіпке және өзімізге деген сенімге негізделуі керек. Есірткісіз өмір сүру арқылы ғана нағыз жетістікке қол жеткізіп, өз мақсаттарымызды бағындыра аламыз.
Таза өмір денсаулықтың, табыстың, жарқын болашақтың кепілі.
Әрбір адам өз таңдауымен үлгі бола алады.
Шынтас Шұғыла
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы
№98 орта мектебінің 8- сынып оқушысы