ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!
Бүгін біз қазіргі таңда шешілмей тұрған,маңызды және күрделі мәселе туралы айтатын боламыз, яғни бұл мәселеміз есірткіге тәуелділік жайлы.Қоғамда осы мәселе жылдан жылға кеңінен таралып,жас буынның болашағына үлкен қауіптөндіруде.Есірткі-біздің денсаулығымызға ғана емес,өмірімізге де қауіпті.Есірткі адамның өз-өзіне деген сенімінен айырады және тәнін әлсіретеді.Есірткіге тәуелділік бір ғана адамның емес,бүкіл отбасылардың,жақындарымыздың,қоғамның үлкен мәселесі екендігін ұмытпағандарыңыз жөн. Әрбір есірткіге тәуелді адамның артында оның жақындары,туған туыстары да бар. Олар да зардап шегуі мүмкін,алайда бізге бұл зиянды әдетке қарсы тұру,жеңіп шығу өте қиын.Ойланбай жасаған бір қадамымыз,болашағымызға деген үмітімізді өшіреді.Есірткі-бұл құмарлықты қанағаттандыру үшін уақытша бейбіт өмір.Бірақ ол бейбіт өмір ұзаққа бармайды . Керісінше есіртке адамды одан әрі әлсіретіп,терең тұңғиыққа батырады.Есірткі қолданған адам уақыт өте келе денсаулығымызға зиянын келтіріп,болашағымызға ауыр жүк артады.Есірткіге тәуелділіктің алдын алу үшін жастардың ғана емес,барлық жас ерекшелігіндегі адамдарды қамту қажет.Әсіресе,жасөспірімдер мен жастар арасындағы бұл мәселеге мән беріліп,көңіл бөлінуі тиіс.Себебі,есірткіге алғашқы қадам кездейсоқ басталады,бірақ ол бір сәтте өміріміздің бәрін өзгертуі мүмкін.Барша адамға есірткінің зиянды екендігін түсіндіру,оларға дұрыс жолды көрсету бәріміздің міндетіміз.Бірақ есірткіге қарсы күресіміздің алғашқы және тиімді жолын айта кететін болсам ол-бірлік.Егер біз бірлесіп күш жұмсасақ ,есірткіге тәуелділікпен күресу әлдеқайда жеңілдей түседі.Жасөспірімдерге,жастарға үлгі болу,бос уақыттарын пайдалы іске арнауға көмектесу маңызды.
Спорт,білім,мәдениет және ғылымға қызығушылықтарын арттыру-бұл есірткіге қарсы шараларымыздың бірі.Өмірде алдымызға арман-мақсат қойып,оған жету үшін қажырлы еңбек ету-ең жақсы таңдау.
Құрметті оқырман.
Есірткі сізді уақытша бір бағытпен алдайды.Ал сіздің өміріңізді түбегейлі бұзатын,алдайтын есірткі.Өз болашағыңыз,өз қолыңызда сондықтан есірткіден аулақ болыңыздар!Өмірімізде қаншама қиындықтар мен сынақтар болады,бірақ олардың шешімі есірткінің түбегейлі зиянынан емес, өз күшіңізбен ерік-жігеріңізден табылады.Біз бірге болсақ,осы зұлымдыққа қарсы тұрып,есірткіден таза болашақ үшін күресе аламыз.
Шынболат Ұлболсын Шынболатқызы
№98 орта мектебінің 8 сынып оқушысы,
«Жас тілші»