Қызылорда облысы әкімдігінде «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасы талқыланған мәжіліс өтті. Оған ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, аталған министрліктің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы саласының басшылары, ардагерлер қатысты.

Бахыт Жаханов аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде атқарылған жұмыстарға, алдағы жоспарларға тоқталды.

– «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасының 3 негізгі компоненті бар. Соның 2-уі Қызылорда облысында тұрақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметті қолдауға арналған.

Екінші компоненттің бес бағыты – балық шаруашылығы, туризм, жасыл белдеу құру, егін және мал шаруашылығы. Оған 39 жоба енгізілген, 13-ін Халықаралық «Аралды құтқару қорының» атқарушы дирекциясы, 13-ін жергілікті әкімдіктер, 4 жобаны Балық шаруашылығы ғылыми зерттеу орталығының Арал филиалы, 3 жобаны Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, 6 жобаны әртүрлі ұйымдар, жеке тұлғалар ұсынған.

Жобалар іске асқан жағдайда 1927 адам тұрақты жұмыспен қамтылуы жоспарланған.

«Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылы аумағындағы суармалы алқаптарда 11 ұңғыманы бұрғылау» жобасы 2022 жылы Үкімет резервінен бөлінген қаржыға іске асырылды. Тағы 3 жоба қолға алынған.

* * *

Арал ауданында «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасы талқыланған мәжіліс өтті. Оған Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев, аталған министрліктің өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың, су шаруашылығы саласының басшылары, мамандары мен ардагерлер қатысты.

Бахыт Жаханов аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқта лып, жиынға төрағалық етті.

Министр су шаруашылығында атқарылған жұмыстарды атап өтіп, алдағы міндеттерді айқындады.

– «Біз су үнемдеу, трансшекаралық өзендердегі су ресурстарын әділ бөлу мәселесінде көршілес елдермен өзара түсіністікке қол жеткізіп, нақты қадам жасадық. Алдағы уақытта да осындай келіссөздерді жалғастырып, су қоймаларының деңгейін тұрақты ұстап тұруға бар күшімізді саламыз. Жоба ең алдымен өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, балық шаруашылығы мен туризмді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған», – деді Н.Нұржігітов.

«Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жоба сының 3 негізгі компоненті бар. Соның 2-еуі Қызылорда облысында тұрақты экономикалық, әлеуметтік және экология лық қызметті қолдауға арналған.

Екінші компоненттің бес бағыты – ба лық шаруашылығы, туризм, жасыл белдеу құру, егін және мал шаруашылығы. Оған 39 жоба енгізілген, 13-ін Халықаралық «Аралды құтқару қорының» атқарушы дирекциясы, 13-ін жергілікті әкімдіктер, 4 жобаны Балық шаруашылығы ғылыми зерттеу орталығының Арал филиалы, 3 жобаны Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, 6 жобаны әртүрлі ұйымдар, жеке тұлғалар ұсынған. Жобалар іске асқан жағдайда 1927 адам тұрақты жұмыспен қамтылуы жоспарланған.

Солтүстік Арал теңізінде су жинақ таудың көлемі мен тиімділігін арттыру, су ресурстарын басқаруды жақсарту, балық шаруашылығы мен экотуризмді дамыту, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша маңызды бастамалар төңірегінде сөз сабақтаған сала мамандары қатарында Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов, Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі комитет төрағасы Сейіл бек Нұрымбетов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов, Халықаралық “Аралды құтқару қорының” Қазақстан Республикасындағы дирекциясының атқарушы директоры Серік әлі Мұхатаев, Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Арал филиалының директоры Тынысбек Барақбаев, Қаз ССР Балық шаруашылығы министрі қызметін атқарған ардагер Құдайберген Саржанов және осы жоба бастамашысы, эколог жазушы Сайлаубай Жұбатырұлы бар.

Жиында қуаты арттырылатын «Көк арал» бөгетінің су деңгейін 46 метрден 50-51 метр биіктікке дейін көтеру туралы ұсыныс айтылды.

Н.Нұржігітов ұсыныстар жан-жақты талқыланып, тиімділігі сала мамандарымен бірге сараланатынын жеткізді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған