Өрт орнында жедел штаб құрылды. Қазақстан ТЖМ Командалық орталығы өртті сөндіру үшін күштер мен құралдар санын өсіруді тапсырды. Оқиға орнында Алматы ТЖД 78 құтқарушысы мен 28 бірлік техникасы жұмыс істеуде.

Сөндіру жұмыстары төрт жауынгерлік учаскеде жүргізілді. Процесс ғимарат құрылысының ерекшеліктерімен, жоғары өрт жүктемесімен және қатты түтінмен қиындады.

Өртті оқшаулау кезінде әкімшілік ғимараттың төбесінен Қазақстанның Туы зақымдалмай төменге түсірілді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған