Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қойылады.

Әрине, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда мемлекеттік қызметшілердің меритократия қағидаттары негізінде өз еңбегіне сай мансаптық өсу мүмкіндігімен қатар олардың моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады.

Дегенмен, мемлекеттік қызметшілердің қызметі Кодексте белгіленген талаптар аясында жүзеге асыру қажеттілігіне қарамастан, соңғы кезде мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп бұзушылықтар жасау фактілері әлі де орын алуда.

Мысалы, 2024 жылдың 11 айында Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері негізінде Кодекс талаптарын бұзғаны үшін 4 мемлекеттік қызметші, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін 5 мемлекеттік қызметші әр түрлі тәртіптік жазаларға тартылған.

Атап айтсақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменттің қарауына түскен Қызылорда қаласы тұрғынының шағымы негізінде Қызылорда қаласының әкімдігіне қарасты дербес бөлімнің басшысының әрекетіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Өз кезегінде, шағым иесі дербес бөлімінің басшысы өзінің тұрғын үйінің алдына келіп, полиция қызметкерінің бейнежетонын өзінің омырауына тағып, жазба жүргізгені үшін заң аясында шара көруді сұраған.

Аталған уәждерді нақтылау мақсатында бөлім басшысынан түсініктеме алынып, онда ол аз-ша Г.-ның шағымында көрсетілген уәждерімен келіспейтінін көрсеткен.

Осыған байланысты, аз-ша Г.-ның шағымында көрсетілген уәждер бойынша Департаментімен Қызылорда облысының полиция департаментінен ақпарат сұратылды.

Қызылорда қаласының полиция басқармасының жауабында аз-ша
Г.-ның шағымы негізінде Қызылорда қаласының полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторына қатысты қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп, оның тарапынан бейнежазба жасайтын өзіне бекітілген бейнежетонды әкімшілік қызметкеріне бергені анықталып, ҚР ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №971 бұйрығының 28-тармағында көзделген талаптарын бұзғаны үшін полиция басқарма басшысының бұйрығымен оған «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылғаны хабарланды.

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 6-тармағының 4) тармақшасында мемлекеттік қызметшілерге азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауы тиіс делінген талаптар қойылған.

Дегенмен, дербес бөлімінің басшысы полиция қызметкерінің бейнежетонын өзінің омырауына тағып, жазба жүргізу әрекетімен аз-ша
Г.-ның тарапынан сынға себепкер болған.

Яғни, тексеру барысында жинақталған құжаттармен және дәлелдермен бөлім басшысының мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын бұзылуына жол бергендігі анықталды.

Аталған факті бойынша бөлім басшысына қатысты тәртіптік іс қозғалып, Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралып, кеңес шешімімен Қызылорда қаласының әкіміне оған «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаны қолдануды ұсынылды.

Шешімді қарау нәтижесімен Қызылорда қаласы әкімінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №311 өкімімен бөлім басшысына «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Яғни, Әдеп жөніндегі кеңестің шешімі негізінде аз-ша Г.-ның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Т.Нуртаев

Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы                                                            

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған