«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы 2-1-тараумен толықтырылды. Онда кассациялық сот жөнінде норма көзделген.Аталған тараудың 16-2-бабына сәйкес, Кассациялық соттарды Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғарғы Сот Кеңесімен келісіп ұсынуы бойынша Қазақстан Репсубликасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады, атауын өзгертеді және таратады. Кассациялық сот – төмен тұрған соттардың шешімдеріне шағымдарды кассациялық тәртіппен қарайтын, яғни Жоғарғы сот сатысы.Бірінші сатыдағы соттардың түпкілікті шешімдеріне және апелляциялық соттың шешімдеріне кассациялық сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы атап өтті. Кассациялық соттар Астана қаласынан 2025 жыл ішінде құрылатын болады. Кассациялық соттарды құру мәселесі сот саласының ортасында ғана емес, қоғамда талқыланып жатыр.

Өз кезегінде тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ кассациялық сотты тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға жол ашады. Жаңа заң қабылданса, Жоғарғы соттың рөлі өзгереді.Бұл жүйе заңға енгізілсе қарапайым халық үшін тиімді тұстары өте көп деп айтуға болады. Тәуелсіз кассациялық сот азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша тек Астанада ғана құрылады.

 Кассациялық сотқа, апеляциядан әділдік таппағандар шағымдана алады. Бүкіл облыстан аппеляциядан қаралғаннан кейін, олар Елордадағы кассациялық сотқа өзінің бағыты бойынша жүгінетін болады. Cот жұмысына, судьялар шығарған сот актілерінің сапасына арызданушылар аз емес.Әрине, сот отырысында екі тараптың мүддесі қозғалғандықтан, жеңілген тараптың өкіпе-реніші болатыны рас. Бірақ дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу сот актілерін түсіндіру, сот отырысының дыбыс-бейне таспаға жазу бойынша қолға алынған шаралар сот жұмысына деген наразылықты біршама төмендеткен еді. Жоғарғы сот бұл нәтежемен тоқтап қалмай, төрелелікке деген сенімді қалыптастыруға түрткі болатын тетіктерді жан-жақты қарастыруда. Сот төрелігін жергілікті және кассациялық соттар жүзеге асырады. Астана қаласында азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша үш жеке кассациялық сот инстанциясы құрылады.

Ең бастысы, бұл кассациялық орган толық тәуелсіз болады. Сонымен бірге істердің барлық санаттары бойынша арыздарды кассациялық сатыда алдын ала қарау сатысы алынып тасталуы да басты мәселе. Себебі бүгінге дейін істерді бір судьяның қарап, пайымдауымен алқа қарауына жіберілмей келгені белгілі. Бұл азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды ренішін туындатқан еді. Сондай-ақ адвокаттар қауымы барлық санаттағы істерді қарауға тараптар міндетті түрде қатысуы керек, әрі істі алқалы құрам жүргізуі тиіс деген ұсыныстарын алға тартып отыр. Заңды күшіне енбеген сот үкімі немесе шешімі жөніндегі шағымды кассациялық шағым (қазір апелляциялық шағым) дейді. Ол мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың іс-әрекеттері жөніндегі шағымдануға азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыру нысандарының бірі болып табылады. Кассациялық шағымданды заң бойынша осыған құқылы адам, жеке немесе заңды тұлға шешім немесе үкім шығарған сот арқылы немесе тікелей кассациялық сатыға бере алады. Сондай ақ, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша дербес кассациялық алқаны беріктіретін бірыңғай жоғары кассациялық сот құру керек. Дербес үш кассациялық алқа құрудың да сот ісін жандандыруда пәрмені бөлек.

Т. Жусупов

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған