Сот беделі-ол әділдік. Оның жекелеген судьялардың іс әрекетінен, болмысынан тұратыны шындық. Ал, қабылданған Судьялар әдебінің кодексі қазылардың қызметте ғана емес, өзін өзі ұстау тетіктерін бекітті. Судья болу заңгерлік мамандықты шебер меңгерумен шектелмейді, қазы болуға бекінген адам қоғамда да өзінің адамдық бейнесімен парасат –пайымымен, адамгершілігімен үлгі бола білуі тиіс. Сот билігінің негізгі мақсаты – қоғамның мүшелерінің бұзылған құқықтарын қорғау болып табылады. Судьялар өз қызметін атқару барысында жоғарғы жауапкершілікті сезіне отырып, тәуелсіз, сот істерін бұрмаламай, қайсыбір тарапқа жәрдемдеспей, істерді қарау барысында таныс-тамырлыққа жол бермеуге тиіс. Себебі «Тура биде туған жоқ» деген аталы сөз әр судьяның жадында мәңгілік жаңғырып тұруы қажет. Судья қызметте қабылдаған антын берік ұстай отырып қоғамдық, тұрмыстық жағдайларда өзінің судьялық лауазымына кір келтірмей жүріс-тұрысына мән беруі, оғаш әрекеттерге жол бермеуі тиіс.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын міңсіз қорғауда ең негізгі өзектісі сот қызметінің ашықтығы және жариялылығы болып табылады. Елімізде сот төрелігін заман талабына сай жаңғырту жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келеді. Елбасымыздың сот жүйесін дамыту туралы қойған міндетін орындауда бүгінгі таңда сот саласының жұмысы тың серпін алып, сот ашықтығы мен қолжетімділігі арта түсті. Судья әдебі – бүкіл судьялар қауымдастығының жұмысына қатысты судьялардан бастап, қарапайым азаматтармен, түрлі топтармен қызмет бабында және одан тыс уақытта қатынасқа түскендегі өзін-өзі ұстауы мен шектеулері қамтылған. Сот төрелігін жүзеге асыру барысында өзге сырттан келетін ықпалдарға, қысымдарға, сот ісіне өзгелердің араласуына жол бермеуі керек, сот ісінің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, тараптардың сот отырысында сот мәдениетін сақтауға шақыру судьяның міндеті болып табылады. Судья осы өзінe жүктeлгeн қызмeттік парызын дұрыс орындамай, әдeптілік нормаларының талаптарын бұзса, онда оларға тәртіптік шаралар қолданылады. Қорыта келе, сот билігінің абыройы мен беделі – Судьяның әлеуметтік әділеттілікті орнықтыруы болып табылады.
Т. Жусупов
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы